• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Пікір 10 Шілде, 2020

Бас аман, бауыр бүтін болғай

500 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуін тыңдағаннан кейін пандемиямен күрестегі ұтқанымыз бен ұтылған тұстарымызды таразыладым. Президент аталған мәселеге қатысты тиісті органдарға нақты тапсырма жүктеп, алдағы айқын жоспарларымен бөлісті.

Ең бастысы, Мемлекет басшысы елдегі жағдайға жете мән беріп, халықтың қайғысына ортақтаса білді. Салмақты сараптама жасап, отандастарымыздың рухын көтеріп, жігерін жаныды. Адам баласы болған соң көңілге медеу болар ізгі пейіл күтетініміз жасырын емес. Сондықтан осынау сын сағатта ел Президенті жұрттың арыз-шағымына тү­сіністікпен қарап, оның мә­селесін шешуге даяр екенін танытты. Халықтың күткені де осы болатын. Еңсесі түскен елдің алдағы күнге деген үміті жалғанды, үні билік басына жетті.

Президент: «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», деді. Қарапайым халықтың қайғысына ортақтасу – кемелдік пен тереңдіктің белгісі емес пе? Үндеуге құлақ түре отырып, Мемлекет басшысының бойынан осы қасиеттерді аңғардым.

Елімізде кешенді меди­циналық қызмет көрсететін әмбе­бап бригадалардың саны ай соңында 3,5 мыңға жетпек. Осылайша, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қам­тамасыз етілетін болмақ.

«Сабыр түбі – сары алтын» дейді дана халқымыз. Мемлекет басшысы да «Сабырлы бо­лайық» деп отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке шақырды. Ақиқатында бұл індетпен күресте дәрі-дәрмек қаншалықты қажет болса, сабыр да соншалықты керек-ақ. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болғай.

 

Айгүл СОЛОВЬЕВА,

Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы