• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Шілде, 2020

Өзбекстанда инфекциямен күресетін ресурстар таусылуға таяу

153 рет
көрсетілді

Өзбек денсаулық сақтау министрлігі мәлімдегендей, республиканың дауасы жоқ инфекциямен күресетін ресурстары таусылуға таяу, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлаған. 

Мұнда да ауруханалар науқастарға лық толы. Коронавирус күніне 300-350 адамнан табылып жатыр. Жұқтырғандардың тәуліктің саны мыңға жететін болса, елдің медицина жүйесі күйреуі мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, Өзбекстанда карантин ертең қайта күшіне еніп, тамыздың 1-не дейін жалғасады.

Бұндай жағдай Боливия астанасында, Испанияның Каталониясында, АҚШ-тың Флорида штатында  және әлемнің өзге мемлекеттері мен аймақтарында да байқалып отыр.

Ал Сербия астанасы Белградта сан мың адам шеруге шығып, карантиннің қайта енгізілуіне наразылық білдірді. Билік болса, шектеу шараларын күшейтуге мәжбүрміз дейді. Өйткені, коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатқандықтан, ауруханалар оларды қабылдап үлгере алмай жатыр.

Демонстрациялар қақтығысқа ұласып, 43 полицей мен 17 манифестант жараланды