• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 10 Шілде, 2020

Президент: Маусым айында жылдық инфляция 7% болды

164 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Ұлттық банкке бизнесті несиелеу үшін қол жетімділікті арттыруды тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

 

"Осы жылдың маусым айында жылдық инфляция 7% жетті. Экономикадағы проблемаларды ескере отырып, жылдық инфляцияның мақсатты дәлізі 9-11% деңгейіне келтірілді.

Сонымен бірге, анағұрлым тиімді ақша-кредит саясатын жүргізу арқылы инфляцияның 8-8,5% шегінде сақталуын қамтамасыз ету қажет деп санаймын.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы маңызды мәселе болып табылады. Ұлттық Банк қаржы жүйесін айтарлықтай тұрақты деп санайды. Алайда, өсу тұтынушылық несиелеу саласында, экономиканың нақты секторына берілген несиелер өсіп жатқан жоқ.

Мен Агенттікке және Ұлттық банкке бизнес үшін несиеге қол жетімділікті арттыру туралы тапсырма бердім.

Үкімет Ұлттық Банкпен бірге халықаралық индекстерге қосыла отырып, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту жұмыстарын жандандыруы қажет.

Бұл шетелдік инвесторлар үшін теңге активтерінің тартымдылығын арттырады, қарыз алу құнын төмендетеді және қаржы нарығының дамуына серпін береді", - деді Президент.