• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 10 Шілде, 2020

Мемлекет басшысы: Үкімет пен әкімдер қоғам пікірімен жұмыс істей алмай отыр

381 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында  коронавируспен күрестегі Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

"Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.