Мемлекет басшысы бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Осындай күрделі кезеңде мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазіргі пандемия ахуалы жұмыспен қамту саласына, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай теріс әсер ететіні анық екендігін баса айтты.
"Сондықтан министрлікке осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын", - деді ҚР Президенті.