ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге, әкімдер мен Президент Әкімшілігі қызметкерлеріне демалысқа шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz
"Осымен жаздың жартысы өтті. Министрлер, әкімдер, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне ешқандай еңбек демалысы жоқ. Өйткені, төтенше жағдай орын алып отыр. Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.