• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Өз танысын тонап кеткен ұры ұсталды

157 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның құрылысқа қажетті құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Egemen.kz. 

Түлкібас АПБ–не жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта жаздық үйінде тұрған бірнеше құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын (дрель, болгарка, сварка аппараты, бензопила) белгісіз біреудің ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгені құрады. 

Аудандық полицейлер қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тез арада әрекет етті. Тәжірибелі полиция қызметкерлері бірқатар жедел іс-шара жүргізу барысында күдіктінің жеке-басы анықталды. 

Полицейлер қылмыстың ізін-суытпай бір тәулік ішінде ашып, күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты. Осылайша бұрын сотты болған, Шымкент қаласының тұрғыны Түлкібас АПБ-не жеткізілді. 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті құрылыс жабдықтарын ұрлаған соң, оның жарты бөлігін 30 000 теңгеге сатып жіберген. Бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда “Ұрлық” бабымен сотқа дейінгі тргеу амалдары жүргізіліп жатыр.