• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Республикалық "Үздік ауыл әкімі" байқауының бірінші кезеңге іріктеуі аяқталды

277 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған "Халық үніне құлақ асатын мемлекетті" қалыптастыру және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Үздік ауыл әкімі" Республикалық конкурсы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған байқаудың өңірлік деңгейі ағымдағы жылдың 25 мамырда басталып, бірінші кезеңнің іріктеуі аяқталды.

Осы байқауға Алматы облысының аудан/қалаларынан мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ 17 ауылдық округ әкімдері қатысып, бақтарын сынады.

2020 жылдың 30 маусымында "Үздік ауыл әкімі" конкурсының өңірлік комиссиясы онлайн режимінде аталған үміткерлердің ұсынылған құжаттарын, ауылдық аумақты дамыту бойынша таныстыру түріндегі слайдтарын  және жобалық жұмыстарын қарап,  ІІ кезеңге 4 үміткер (ауыл әкімі) ұсынылды.

Іріктеудің І-кезеңінен өткен жоғарыда аталған қатысушылар 2020 жылдың 30 шілдесінен кешіктірілмей Өңірлік комиссиямен жеке әңгімелесуден өтетін болады.

Әңгімелесудің қорытындысы бойынша тек 1 жеңімпаз (ауылдық округ әкімі) "Үздік ауыл әкімі"  республикалық конкурстық комиссиясына қатысуға жолдама алады.