• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Елордада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр

240 рет
көрсетілді

Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда. Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және т.б. дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеден бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін екі аптаға шектеу шаралары енгізілді.

Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Маска тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.