Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздегі мектептерде экология пәнін енгізуді тапсырды.Мемлекет басшысының тапсырмасы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter әлеуметтік желісінде де жариялады, - деп хабарлайды Еgemen.kz
Сондай-ақ, Президент елімізде "Waste to energy" технологиясын енгізу үшін қажетті заңнамалық база мен инвестициялық жағдай жасауды тапсырды.
"Біз күннен күнге өзектілігі артып келе жатқан экологиялық мәселелермен айналысуымыз керек. Қазір қоғамның назары да осыған аударылып отыр. Жыл сайын 5 млн. тонна қатты тұрмыстық қалдық шығады. Оның тек 15% ғана қайта өңделеді. Бұл өте төмен көрсеткіш",- деді Президент.
"Ауылдық жерлерде рұқсат етілмеген күл-қоқыс полигондары көп. Бір рет тексеріс жүргізіп, айыппұл салу және экологиялық шараларды өткізу, мәселені толық шешпейді. Бұл орайда экология министрлігі жүйелі түрде жұмыс істеуі керек",- деді мемлекет басшысы.