• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Шымкенттік кәсіпкерлер мейрамханаларын провизорлық орталыққа беруге әзір

172 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы мейрамхана мен тойхана иелері эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұқтаждық болса ғимараттарын провизорлық орталыққа айналдыруға дайын екендігін жеткізді. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесу кезінде айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қаладағы бірнеше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Әйтенов кәсіпкерлерге әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін атап өтті. Өйткені, бүгінде қаладағы ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар жеткілікті. Алайда, індеттің таралуы өсіп, науқастар көбейген жайғайда әкімдік мейрамханаларды, тойханаларды провизорлы стационар ретінде пайдалануға болатынын айтты. Қазіргі таңда қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын қала басшысының бірінші орынбасары Ербол Садыр баяндады.

"Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге 7 миллиард қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте, медициналық мекемелерді үлкен сұранысқа ие дәрі - дәрмектермен, ӨЖЖ (ИВЛ) аппараттарымен және компьютерлік томографиямен (КТ) қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады", - деді Ербол Садыр.

Қала әкімінің бірінші орынбасары сондай-ақ, сауда орталықтары мен басқа да қаладағы ірі нысан иелері тұрғындарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін тегін көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.