Коронавирустық пневмонияға мамандар енді басқа атау беруі мүмкін. Пульмонолог Наталья Латыпова брифингте осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Дәрігер бактериалды пневмония мен коронавирустың айырмашылығы көп дейді. COVID-19 бұл – төменгі тыныс жолдарының вирустық зақымдануы. Ол бактериалды пневмонияға қарағанда өкпені қатты зақымдайды, ірің пайда болады.
Дәрігерлер коронавирус секілді бұған дейін бір-бірде инфекция төменгі тыныс жолдарына қатты әсер етпегенін айтады. Сондықтан диагнозды да дұрыс қойып, ем шарасын шатастырып алмау үшін атауын өзгертуді ұсынып отыр.