• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 10 Шілде, 2020

Арақ аурудан айықтырмайды

1195 рет
көрсетілді

Мамандардың айтуынша, коронавирустың алдын алуға арақ араша түсе алмайды. Ащы су керісінше ағзаны улап, иммунитетті әлсіретіп, дертті емдеуге кедергі келтіреді. Спирт буын жұту да өкпеге түскен вирусты өлтіруге көмектеспейді, дейді дәрігерлер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары да әлеуметтік желілерде жиі тарайтын бұл ақпараттың жалған екенін айтып, оған сенбеуге шақырады, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан  ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

"Алкогольді дезинфекция ретінде қолдануға болады деу - қате көзқарас. Сыртқы жабдықтарды сыртқы заттарды құрамында спирттық сұйықтықтармен өңдеу бөлек дүние, ал ішкен кезде улану қаупі өте жоғары болады", - дейді мамандар. 

Сондай-ақ, дрігерлердің айтуынша вирустың өзі организмді интоксикацияға әкеледі. Ал алкогольді ішке қабылдағанда ол да организмді интоксикацияға әкеліп, екеуі қатар әлсіздікке ұшыратады. Әрине, одан адамның иммунитеті төмендейді. Мамандар көбінесе алкоголь ішетіндер темекі шегуге де әуес болады. Бұл одан да жағдайды үдете түсетінін айтып, дабыл қағып отыр.