• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Шілде, 2020

Ақмола облысында коронавирустан жазылғандар саны мыңнан асқан

134 рет
көрсетілді

Ақмола облысында барлығы 1581 адамнан коронавирус дерті анықталды. Бүгінде оның 1019-ы аурудан айыққан. 23 адам көз жұмды. Қалғандары ем қабылдауда, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Науқастар үшін Көкшетауда бірнеше инфекциялық бөлімше ашылған. Одан бөлек облыстық және қалалық ауруханалар індет жұқтырғандарды емдеуге күш  салды.

Бұл - қауіпті дертті жұқтырғандардың шамамен 65 проценті. Олар аймақта ашылған инфекциялық бөлімшелерде ем-дом қабылдады. Күні-түні дәрігерлердің бақылауында болып, ақыры ауруды жеңіп шықты.

Аурудан сауығып шыққандармен қатар, өкінішке орай, дертті жұқтырғандар да көбеюде. Өткен тәулікте тағы 34 науқас тіркелді. Сондықтан дәрігерлер де, індеттен айыққан жандар да барынша сақ болуға кеңес береді.