Алматы облысының әкімдігі аймақ басшысына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтып, ресми жауап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Желіде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың мезгілсіз қайтыс болуы туралы жалған ақпарат таратады. Облыс әкімдігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жалған ақпарат таратушылардың жеке тұлғалары жауапкершілікке тарту үшін анықталып жатқандығын да қоса кеткен жөн.
Естеріңізге салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус инфекциясын жұқтырған еді. 8 шілдеден бастап әкім жүрек жетіспеушілігі диагнозымен елордадағы ауруханада ем қбылдап жатқаны белгілі болды.