12 шілде, жексенбі күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
Ал Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлердебұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі екен.
Сондай-ақ, Қазгидромет орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа райына да шолу жасады. Елордада таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан екпіні екпіні секундына15-20 метр жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
Күннің күркіреуі Қостанай облысының кей жерлерінде де орын алады. Аталмыш аймақта да күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық күтілмек.