• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 11 Шілде, 2020

Бұл шешімге титтей де өкінбеймін - Асхат Аймағамбетов

3213 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналистермен онлайн кездесу өткізді. Білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап берген ол пандемия кезіндегі қабылданған шешімдерге өкінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Әу баста халықтың басым көпшілігі төртінші тоқсанды шілде-тамыз айларына ауыстыруды сұраған еді. Тіпті кейбірі оқу жылын аяқтай салуды ұсынған. Алайда осындай пікірлерге қарамастан біз оқуды қашықтан жалғастыру туралы шешім қабылдадық", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр бұл шешімнің оң болғанын айтты.

"Бұл шешімге титтей де өкінбеймін. Толығымен дұрыс деп есептеймін. Сол кездегі ұсыныстарға құлақ асқанда қазіргі шілде айында жағдайымыз қалай болар еді – елестете беріңіз", - деді ол.