• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 11 Шілде, 2020

Мемлекеттің есебінен интернет платформа құруға қарсымын - Асхат Аймағамбетов

297 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Елімізде оқушыларды онлайн режимде оқыту үшін Zoom интернет-алаңының баламасы жасалуы мүмкін бе, - деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Жалпы бұл бағытта менің ұстанымым мынадай: мемлекеттің есебінен интернет-алаң болсын, басқа да платформа болсын құруға қарсымын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл істің арты жақсы болмайды", - деді Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі отандық білім беру жүйесінде Ұлттық білім беру дерек қоры бар екенін айтты. Оның ішінде жеке мәліметтер бар.

"Бұл – басты әрі мемлекеттік база. Ол кезінде құрылған. Соны пайдаланып, дамытамыз. Kundelik, Daryn online, Bilimland секілді көптеген жүйені мемлекеттік жүйемен ауыстырудың меніңше қажеттігі жоқ. Мен нарыққа көбірек сенемін. Бәсекелестік болуы керек", - деді ол.