Әлеуметтік желілерде "Үрлі төбе" өткізу бекетінде дәрі-дәрмектерді заңсыз ұстады деген ақпараттың таралуына қатысты ҰҚК ресми жауап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Шекара қызметі 2020 жылғы 9 шілдеде шекаралық бақылау кезінде тауар құжаттары жоқ түрлі атаудағы 311 орауыштағы дәрілік препараттарын ұстағандығын, олардың атаулары бойынша пакеттерге оралып, екі жол сөмкесіне салынғанын растап отыр.
"Сонымен бірге, тасып өткізуші адам дәрілік препараттардың қайдан шыққанын және кімге арналғандығын түсіндіре алмаған.
Оларды әкелудің заңдылығын анықтау үшін құзіреттілігі бойынша дәрілік препараттар Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаментіне берілді, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздік бақылау департаменті хабардар етілді.
Шекара қызметі дәрі-дәрмектерді жеке мақсатта алып келуге кедергі етпейтіндігін жеткіземіз", - делінген хабарламада.