• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2020

Ішімдік ішіп көлік жүргізген бес атыраулық ұсталды

529 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері ішімдік ішіп көлік тізгіндеген бес жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеген. 

0 шілдеге қараған түні Атырау  қаласы аумағында бес жүргізуші мас күйінде анықталды.  Олардың екеуі 1982 жылы туған және 1998 жылы туған әйел адамдар. Сот медициналық сараптама қорытындысымен жүргізушілердің ішімдік ішкендері расталды. Ішімдік ішкен жүргізушілерге қатысты ҚР ƏҚБтК 608-бабы “Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы” бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Ал, 1995 жылғы ер адамның бұған дейін жүргізуші құқынан айырылғаны анықталып, оған қатысты ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Камза Үмбетқалиев,  2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” туралы заңға сәйкес, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілді.

Мұндай заң бұзушылар жол-көлік апатын жасамай-ақ, азаматтарға зиян келтірмесе де, 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, жеті жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылады. Аталған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал жүргізушілік құқығынан айыру сегіз жылға дейін ұзартылады, деді. Атыраулық полицейлер осы күні,  қалада карантиндік шектеу шараларын бұзғаны үшін бес автокөлік жүргізушісін анықтап, оларға қатысты  жинақталған құжаттарды тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдады.