Бар екенбіз, жақсылыққа нар екенбіз. Халық дәрі таба алмай, ауруханаларды жасанды өкпе желдеткіштері жетпей қысылған осынау шақта елдің бас көтерер азаматтары ес жинап, осы іске халықтың өзін жұмылдыра бастағандығы әр жерден айқын байқала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азаматтық белсенділігімен көзге түсіп жүрген дінтанушы қаламгер Қайрат Жолдыбайұлы осыдан екі-үш сағат бұрын өзінің фейсбуктегі парақшасында былай деп жазды:
"Министр А. Цойдың кеңесшісі Абдильдин Батыр хабарласып оттегі концентраторларын жеткізу үшін арнайы ұшақ мәселесінің шешіліп жатқанын хабарлады.
Менде қазірге жиналған қаржы 69 197 490 тг. Ал бірге ұшақ сұрап отырған Шұғыла қайырымдылық қоры 90 000 000 тг жинағандықтарын жеткізді. Үлес қосып жатқан баршаңызға Алла разы болсын!"
Қазір ел арасында басталып кеткен осындай қайырымдылық акциялары әр өңірде кеңінен тарай бастады. Мұның өзі халықтың ес жиып, қиындықпен күреске белсене кіріскенін көрсетсе керек.