• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Шілде, 2020

Жаһандық ІЖӨ 5,5 пайызға төмендейді

174 рет
көрсетілді

Елдің орнықты дамуы үшін мем­ле­ке­ттің бәсекеге қабілеттілігін арт­­тыру және әртараптандыру бо­йынша терең құрылымдық ре­фор­­малар қажет. Бұл туралы Пре­зидент жанындағы Қазақ­стан­­ның стратегиялық зерттеулер ин­сти­тутының Әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық зерттеулер бөлімінің аға ғы­лы­ми қызметкері Анна Аль­шан­ск­ая айтты.

«Алты айдан бері әлемнің барлық елдері бұрын-соңды болмаған COVID-19 вирусымен күресіп, әлемдік экономика пандемия салдарынан ауыр зардап шегіп отыр. Дүниежүзілік банк болжамына сәйкес 2020 жылы жаһандық ІЖӨ 5,2% төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар қазіргі дағдарыстың ерекшелігі – оның қаншаға созыларының белгісіз екендігі. Пандемияның ұзақтығы көптеген факторға – вакцинаның жасалуына, «ұжымдық иммунитеттің» қалыптасуына, вирустың ықтимал өршуіне, сонымен қатар мемлекеттердің шұ­ғыл әрекеттерінің тиімділігіне байланысты», дейді сарапшы. Оның айтуын­ша, бұл пандемия біздің елге де өз ықпалын тигізіп отыр.  Мысалы, 2020 жылдың бі­рін­ші жарты жылында Қазақстанның ІЖӨ 1,8%-ға төмендеген. Әсіресе қыз­мет көрсету секторы пандемия әсерін ай­рық­ша сезінді, бұл кезеңде өндіріс 5,6% төмендеген. Карантиндік шаралар мен ши­кізат нарығындағы тұрақсыздық салдары елдің бюджеттік жүйесіне де әсер етті – бюджеттің шығыны шамамен 1,7 трлн теңгені құрады. Коронавирустық пандемия еңбек нарығына да ықпал етті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша жұмыспен қамту органдарында 2020 жылдың мамыр айының соңында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 161,3 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,7%-ын құраған.