Президенттің айтқан бастамалары өте маңызды деп есептеймін. Қазақстанда шын мәнінде, мектептен бастап, экологиялық білім беру қажет.
Ақтаудағы итбалықтарды таспен, таяқпен ұрып жатқан соңғы бейнекөрініске қарағанда, бізде адамның жануарлар дүниесімен үйлесімділігі қалыптаспағаны анық. Адамдар егер жолында жабайы аң кездесе қалса, не істеу керектігін білмейді. Сондықтан мектептерде экологиялық білім беру пәнін енгізу қажет.
Азаматтарға өңірлердегі Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар туралы айтып, түсіндіру қажет. Көп адам өзі өмір сүріп жатқан өңірде қорғаудағы жануарлар мекендейтінін білмейді. Оларды қорғау керек екенін, өшпенділікпен қарамау керектігін аңғармайды. Егер бала кезден табиғатты аялауға үйретсе, қазір ондай проблема туындамас еді. Сондықтан Президент айтқан бастама әбден пісіп-жетілген әрі Қазақстанға керек бастама. Менің ауаның тазалығы, қоқыстарға қатысты да айтарым бар. Мәселен, бізде Каспийдегі балық аулайтын торлар мен теңіздегі қоқыстар туралы жоба болды. Бұл мәселені де мектеп оқушыларымен кеңінен талқылау қажет.
Әсел Баймұқанова,
экобелсенді