Бүгінде еліміз, жалпы бүкіл дүниежүзі ауыр кезеңді бастан өткізіп жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, төтеннен келген індет салдары әрбір отбасын айналып өтпей отырғаны да анық.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен отырыста COVID-19 вирусына қарсы мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шараларға, сондай-ақ алда атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Тиісті жоғары лауазым иелері мен мемлекеттік қызметкерлерге осы мәселеде үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап көрсетті.
Халқымыз небір нәубет жылдарын бастан кешірді. Бұл індеттен де арыларымыз анық. Мемлекет басшысының 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялауы – әр салада өзіндік үлес қосып жүрген белгілі қоғам қайраткерлерінен, жалпы жақынынан айырылған әр отбасының қамкөңілін жұбату деп түсінеміз.
Береке-бірлігіміз жарасқан халқымыздың амандығы үшін әрқайсымыз зор жауапкершілік танытып, бірлесе күресейік, ағайын!
Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі