• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Шілде, 2020

Марқұм болған медицина қызметкерлеріне "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілді

443 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен,  COVID-19 індетіне қарсы  күресіп,  қызмет барысында қауіпті дерттен көз жұмған медицина қызметкерлеріне "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілді, - деп хабарлайды  Еgemen.kz.

Олар: Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері - Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (суретте)

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК анестезиология және реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі -  Исаев Олег Николаевич.