Киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазақ тілінде өткізілген онлайн-семинарды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2020 жылғы 9 шілдеде ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Презентация Интернеттегі адамдардың өздерін және өздерінің деректерін қорғауға, сондай-ақ онлайн-транзакцияларда алаяқтықты болдырмау қадамдарды ұсынды. Іс-шараға жеке сектордың, ғылыми орта мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.
"Киберқауіпсіздік IT секторының күрделі бөлімі болып саналады, сондықтан көптеген адамдар оның негіздерін түсінуге тырыспайды. Сол себепті көпшілікке ақпараттық қауіпсіздік туралы білімді қол жетімді тілде жеткізу маңызды, өйткені бірнеше қарапайым ережелер әрбір адамды айтарлықтай қорғап, шабуылдың құнын мың есеге арттыра алады", деді іс-шарада баяндама жасаған Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының тең басшысы Арман Әбдірасылов,.
Іс-шара киберкеңістіктегі қауіп-қатерлер, соның ішінде қаржылық қылмыстар мен жеке ақпараттың жылыстатылуы сияқты қауіптер туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізілді. Бұл COVID-19 таралуын болдырмау бойынша қабылданған шараларға байланысты қазіргі кездегі көпшіліктің бір-бірімен байланысуы және Интернет арқылы жұмыс істеуі үшін өздерінің көп уақытын онлайн өткізетінін ескерді.
Бұл іс-шара трансұлттық қауіп-қатерлер, соның ішінде киберкеңістіктегі қауіптер туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруды ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің күш-жігерінің бір бөлігі..