4 ай мерзімінде алапат кеселдің арты ешкімді айналып өтпеді. Солардың қатарында Қызылорда облысы да айтарлықтай жапа шекті, деп хабарлайды Egemen.kz
Бертінге дейін Сыр өңірі бойынша 1784 адамнан коронавирус диагнозы анықталып, 7 науқас індеттен және оның 68-і пневмониядан көз жұмған. Осыған байланысты аталған облыста "Жалпыұлттық аза тұту күніне" орай 1 минуттық еске алу митингісі жарияланды. Қызылордалықтар індеттің салдарынан мезгілсіз қайтыс болған тұрғындардың отбасыларына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.