• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2020

Таразда 10 дәріхана дәрі бағасын негізсіз көтерген

641 рет
көрсетілді

  Бүгінде Жамбыл өңірінде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Науқастарға қажетті дәрілердің тапшылығына орай, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сан рет жиын да өткізген болатын. Бұл орайда, Тараз қаласында арнайы мобильдік топ құрылып, оның мүшелері мен қала әкімі Айтқазы Қарабалаев қалада тіркелген 68 дәріхананы аралады. Аталған нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағаны бақылау, бағаны негізсіз көтермеу мәселесі жайын да ескертті.

Тараз қаласында дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында берілген тапсырмаға орай, қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев және прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, полиция, санэпидқадағалау қызметкерлерінің өкілдерінен құралған жұмысшы топ қаладағы дәріханаларды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Дәріханаларда бүгінгі таңда тұрғындарға аса қажетті вирусқа қарсы тапшы дәрі-дәрмектердің бағасын көтермеу, тапшылықты қолдан жасап, жасырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда қала дәріханаларында антибиотикалық, жүрек-қан тамырларын ширататын цефим, цефамед, сумамед, азитромицин, азитро, аспирин кардио, ардиомагнил және тромболол сияқты дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі байқалады. Дәрілердің бағасын негізсіз көтерген дәріханаларға әкімшілік шаралар қолданылатын болады. Қазіргі таңда Тараз қаласында бағаны негізсіз көтерген 10 дәріхана анықталып, оларға құқық қорғау органдары мамандарымен хаттама толтырылған.

Жамбыл облысы