• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Шілде, 2020

Белгілі журналист Мира Мұстафина коронавирустан қайтыс болды

974 рет
көрсетілді

Қазақстандық белгілі журналист Мира Мұстафина қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әріптестерінің айтуынша, өткен аптада журналистен коронавирус анықталған. Артынша пневмония дерті де асқынған. Сондай-ақ, марқұмда басқа да аурулары болғаны анықталыпты. Науқастанған ол әріптестерінен дәрі-дәрмек сұрап хабарласқан. 

Айта кетейік, Мира Мұстафина ұзақ уақыт бойы "Литер" газетінде журналист болды. Оның түрлі тақырыптарға, соның ішінде медицина, мәдениет, әскери тақырыптардағы материалдары өз оқырманын тауып, өзекті мәселелердің шешілуіне арқау болған еді.