• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Шілде, 2020

АҚШ-тың Сан-Диего ӘТК базасында десанттық кеме өртенді

292 рет
көрсетілді

Америка құрама штаттарының Сан-Диего ӘТК базасында десанттық кеме өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz

Кемеде 160 адам болған, оның ішінде төтенше жағдай салдарынан 20-дан астам адам ауыр жарақат алды.

Жедел түрде ауруханаға 17 теңізші мен 4 азаматтық қызметте жүрген қызметкерді жеткізді.

Десанттық база басшылығының айтуынша, өрттің шығу себебі кеменің техникалық жағдайын қолдау бойынша стандартты жұмыстарды жүргізу кезінде жарылыс болған. Өртті сөндіру үшін құтқарушылар келгенімен, оны тек жеті сағат шамасында отпен арпалысып жатып, әрең өшірген.