• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 13 Шілде, 2020

Елімізде карантин тағы 2 аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады

1096 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.