• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2020

Түркістанда тұрғындарды адалдыққа шақыратын мурал салынды

386 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен қалалық әкімдігінің қолдауымен облыс орталығында "Әділ сөйлеп, адал жүр" атты жаңа мурал салынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Түркістан қаласының "Отырар" ықшам ауданындағы  көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған муралда қазақ даласының төл перзенті, түркі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың бейнесі кескінделген. Көз тартар композицияның негізгі ерекшелігі - биіктігі 15 метрді құрайтын мурал ұлы ақынның  "Әділ сөйлеп, адал жүр" деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған. Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай жаңа композиция қала тұрғындарының арасында  әділдік пен адалдық қағидаттарының кең дәріптелуіне  және өскелең жас ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына септігін тигізетінін айтады.

Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты асыл сөздерінен бастау алған бұл бастама, алдағы уақытта облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын табатын болады.