Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн оқитын студенттердің оқу ақысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Бірақ олай емес, мысалы оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар", - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.