Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Биыл айтарлықтай өзгерістер жоқ, қазіргі уақытта бұл жұмыс жүріп жатыр. Биылғы жылы тесттілеу өткізіледі, ол тамыз айында болады. ILTS бойынша және ағылшын тілін игеру бойынша талаптарды күшейттік", - деді министр.
15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында өткізіледі.
Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 - 20 тамыз аралығында қабылданады. 3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
Докторантураға түсу емтихандары 4 - 20 тамыз аралығында өткізіледі.