Үндістанда соңғы тәулікте 28 мыңнан астам коронавирусты жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Бір тәулік ішінде 553 адам қайтыс болды. Ал пандемия басталғаннан бері 23 727 адам көз жұмды. Оның 571 мыңы сауығып кетсе, 311 мың науқас медициналық бақылауда қадағаланып отыр.
Осылайша, елдегі жұқтырғандардың жалпы саны 906 мың адамнан асты. Үндістан АҚШ пен Бразилиядан кейін жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында тұр.