• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Шілде, 2020

Ұлыбританияда дәрігерлер коронавирустың екінші толқыны туралы айтып берді

685 рет
көрсетілді

Егер вирустың таралуын бақылау бойынша елеулі шаралар қолданылмаса, осы қыста күтілетін COVID-19 таралуының екінші толқыны кезінде Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырғаннан кейін 120 мыңға жуық адам көз жұмуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz Ұлыбританияның медицина ғылымдары академиясының зерттеу деректеріне сілтеме жасап. 

"Ауруханаға жатқызу мен өлім-жітім жағдайларының саны 2021 жылдың қаңтар және ақпан айларында ең жоғарғы көрсеткішке жетеді. Бұл тіпті 2020 жылдың көктемінде болған бірінші толқыннан да нашар. Медициналық мекемелердегі (Қарттар үйлерінен басқа) өлім-жітім саны 2021 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың маусым аралығында 119 900-ге жетуі мүмкін", - делінген Академия материалында. Алайда, бұл есептер COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі биліктің мүмкін болатын шараларын ескермейді.

Ғалымдар Ұлыбритания билігін вирустың берілуін қысқарту және жұқтыру жағдайларын бақылау, қауіп-қатерді төмендету үшін аурудың таралуының екінші толқынына белсенді дайындықты бастауға шақырады.

Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 45 мыңға жақындады, науқастанғандардың саны 290 мыңнан асты. Алайда, соңғы аптада екі көрсеткіш де тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл Үкіметке біртіндеп карантиндік шектеулерді алуға мүмкіндік берді.