• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2020

Түркістан облысына Өзбекстаннан 142 мың қорап дәрі-дәрмек жеткізілді

213 рет
көрсетілді

Көрші елден жеткізілген дәрі-дәрмектер арасында "аскорбин қышқылы" мен "дексаметозон" және "гепарин" сынды препараттар бар. Науқастарға аса қажетті дәрілер облыс аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға таратылады.

Айта кетерлігі, медициналық мекемеге түскен дәрінің әр құтысына "тегін" деген қызыл мөр қойылады. Яғни мұндай дәрілерді өзге жерден кезіктірген азамат жергілікті әкімдікке шағымдана алады.Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүргізілген келісімге сәйкес, Түркиядан 41 түрлі дәрі қоры жеткізілетін болады. Олардың қатарында науқастарға арналған антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар мен температураны төмендетін антикоагулянттар бар. Аталған дәрілер алдағы аптада облыстағы 160-қа жуық дәріханаларға шекті бағамен үлестіріледі. Дәрілер Денсаулық министрлігі бекіткен шекті бағамен сатылатын болады. Заңдылықтың сақталуын арнайы мониторингтік топ бақылайды. Сондай-ақ, антибиотиктер тек дәрігердің нұсқауымен беріліп, бір адамға екі қораптан артық сатылмайды. Жалпы облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн теңге  бөліп отыр.