Қостанай жоғарғы медициналық колледжінің 2-3 курс студенттері бүгінде әр аудандағы емдеу мекемелерінде белсенді жұмыс істеп жүр.
Бүгінгі таңда колледж қабырғасында жалпы саны 594 шәкірт білім алып жатыр. Оның 154-і індетке қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр. 20 студент провизорлық стационарларға жұмысқа орналасқан.
"Биыл медициналық колледжі 264 түлек тәмамдап, мамандықтарына сай сертификаттарын қолдарына алды. Соның ішінде 50 түлек бірден фельдшер, медбике, акушер мамандықтары бойынша жұмысқа шығып кетті", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.