• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Шілде, 2020

Қазақстан Армения мен Әзірбайжанды оқ атуды тоқтатуға шақырды

190 рет
көрсетілді

Армения мен Әзірбайжан арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан кемінде төрт әзірбайжан әскері қаза тапты. Жалпы талас-тартыстың  жалғасып келе жатқанына 30 жылға жуықтады. Содан бері бұл мәселе мемлекетаралық емес, халықаралық дауға айналып үлгерді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Бұл жолы Әзірбайжан Арменияны Товуз облысы маңындағы шекарада атысты тоқтату ережелерін бұзды деп айыптайды. 12-ші шілдеде Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Армениямен шекарадағы атыс туралы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, армян әскерилері Агдам аулына оқ жаудырған. Ал Армения тарапы  әскерилер бейбіт тұрғындарға емес, Әзірбайжан армиясының инженерлік құрылымдарына оқ атқанын  мойындады.

Таулы Қарабақ жанжалының қайта ушығуы әлем елдерін сарсаңға салды. Ал еліміз бұл бітпес даудың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде, Қазақстан халықаралық келісім құжаттарына сүйене отырып, тараптарды оқ атуды тоқтатуға шақыратынын білдірген.