Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова хабарлады.
"Қазақстан аумағында парацетамол да, құрамында парацетамол бар препараттар да тіркелген. Олар дәріханаларда қолжетімді. Бұған қоса "С" дәрумені бар пакеттерде парацетамол шығаратын отандық өндірушілер бар. Бұл препарат бөлшек сауда желісінде сатылады. Бұдан бөлек мониторинг аясында анықталған қажетті барлық дәрі-дәрмектерді жеткіземіз. Бүгін Үндістаннан, Делиден борт келеді. Болжамға сәйкес, ол бүгін түнде Алматыға жетеді. Ертең борт Ресей Федерациясына және жұма күні қайтадан Делиге аттанады", - деді Людмила Бюрабекова.