• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Шілде, 2020

Карантин енгізілгелі жағдай жақсарып келеді

656 рет
көрсетілді

Елордада 5 шілдеден бастап карантин шаралары енгізілгелі, медициналық мекемелер мен қызметкерлердің жүктемесі төмендеген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұрын ауруханаларға күніне 500-ге жуық науқас түссе, қазір бұл көрсеткіш екі есеге төмендеген.

Коронавирустан сауығып кеткендердің саны  2 есе артқан. Күніне 400-ге жуық адам жазылып шығады.  Сонымен қатар, жедел жәрдем шақыру тәулігіне екі есеге  азайған.

Пневмониясы бар науқастардың саны да 14% кеміген.  Қабылданған карантин шаралары мен амбулаторлық емдеу нәтижесі арқасында төсек-орын қажеттілігі 99%-дан 73%-ға дейін төмендеді.