Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) атқарушы комитеті 2021 жылы Мысырда өтетін әлем біріншілігін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz FIE баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2021 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатын өткізу құқығы Каирге (Мысыр) берілді. Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылғандықтан, ересектер арасындағы әлем чемпионаты сол жылы өткізілмейді. Мысырдың семсерлесу федерациясы 2022 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатын ұйымдастыруға дайын екендігін жариялады", - делінген FIE баспасөз хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінің Мысырда өтетіндігі туралы шешім 2019 жылдың желтоқсан айында Лозаннада өткен FIE конгресінде жарияланған болатын.