• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Малайзия парламентарийлері – Алматыда

252 рет
көрсетілді

Кеше Малайзия Парламенті Сенатының президенті Тан Сри Абу Захар бин Дато Ника Ужанг бастаған Малайзия парламентарийлерінің делегациясы еліміздегі ресми сапар аясында Алматыда болып, осындағы Халықаралық инновациялық технологиялар университетіне келді.

Делегация Қазақстан мен Малайзияның парламентаралық ынтымақтастық орайындағы, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл бірлігінің көкейкесті мәселелерін талқылау мақсатын көздеген.

Осы сапар кезінде Малайзия Парламентінің делегациясы Алматы қаласының әкімдігінде болып, шаһардың және мәслихаттың басшыларымен жүздесті. Сонымен бірге, Халықаралық инновациялық технологиялар университетінде болғанда оқу саласымен таныстықты одан әрі дамытып, тәжірибе алмасты. Делегациямен университет басшылығы жылы шырайлы кездесу өткізіп, меймандар осында биылғы жылдың сәуір айында ашылған Малайзия білім беру орталығын көрді.

Бүгінгі таңда Малайзияда алты мыңнан астам Қазақстан азаматтары, жастары оқып білім алуда. Малайзия жоғары оқу орындарына таңдаудың осыншалықты мол түсуі екі елдің рухани жақындығына және даму үлгілерінің ұқсастығына байланысты.

Алматы Халықаралық инновация­лық технологиялар университеті негізінде Малайзия білім беру орталығының ашылуы арқасында алдағы жылдың қаңтарынан бас­тап, қазақстандық студенттер өз Отандарынан сыртқа шықпай-ақ Foundation бағдарламасы бойынша оқып, Малайзияның кез келген университетіне бірден екінші курсқа түсе алады. Екіжақты кездесулер кезінде осындай тиімді уағдаластықтар одан әрі нақтыланып, пысықталды.

«Егемен-ақпарат».  

Соңғы жаңалықтар