Электронды үкімет қосымшасынан алынатын қызметтер қатары кеңейді. Енді үйден шықпай-ақ, стационарда емделуге жолдама алуға болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға аударылған қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу жеңілдеді. Онлайн түрде алғашқы көмек көрсеткен ұйымнан анықтама алу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан өзге, жұмыссыздық жөнінде, әскери қызметке қатысты құжатты сол жерден алуға болады.