Пандемия мен шектеу шаралары әлемге айтарлықтай теріс әсерін тигізіп жатыр. Індет салдарынан әлем экономикасы биыл 8,3 триллион доллар шығынға батып, 147 миллион адам жұмысынан айрылған,- деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлаған.
Өткен жылы планетада тойып тамақтанбаудан 690 миллиондай адам зардап шеккен екен. Ал, биыл бұған тағы 132 миллиондай ашыққан тұрғын қосылуы мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, 2020 коронавирус індеті бұл проблеманы тіпті ұшықтырып, өндіріске ғана емес, азық-түлікті бөлуге және тұтынуға да кері әсер етпек.
Ұйым баяндамасына қарағанда, коронавирус пандемиясының денсаулық сақтау, әлеуметтік және экономикалық салаларға жағымсыз ықпалы жер жүзінде азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін әрі қарай да төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай тенденция жалғаса беретін болса, 2030 жылы әлемде аштыққа ұшырағандар саны 840 миллионға жетуі ықтимал.