Петропавл қаласының жергілікті билігі қала көшелерін көшпелі бейнебақылау камераларымен жабдықтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қала әкімі Болат Жұмабековтың айтуынша, "тұзақ" бейнебақылау камерасы көшелерді ластағысы және аялдамалардың әйнектерін сындырғысы келетіндерге тоқтау болатына кәміл сенеді.
"Бізде тұрғындар жиі қоқыс тастайды. Сондай-ақ оны өз жауапкершілігіне алғысы келмейді. Сондықтан "тұзақ" камераларын орнату арқылы тәртіп бұзушыларды тез арада анықтап, жауапкершілікке тарта аламыз. Камералар қаланың әр бөлігінде және аялдамаларда орнатылады", дейді қала басшысы Б.Жұмабеков.
Петропавлда 200-ден астам аялдама павильоны бар. Жыл соңына дейін қала әкімдігі олардың жартысын бейнебақылау камераларымен жабдықтамақ.