Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте Алматы жастарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәліметі бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандардың көпшілігі Алматы қаласында.
– Жас ерекшілігі бойынша аурушаңдық белгілері негізінен 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында - 19,3 пайыз құрайды. Ал 30-39 жастағы адамдар арасында - 13,1 пайыз тіркелді. Медициналық-сақтық шараларын сақтамай жүргендің көбі – жастар. Сондықтан бірінші кезекте жастарға кеңес айтқым келеді. Сақ болыңыздар! Өз денсаулықтарыңызға жіті мән беріп, бетперде тағып жүруді ұмытпаңыздар! – дейді бас дәрігер.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус ауруының 8250 жағдайы расталды.