• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Шілде, 2020

Мониторингке қатысуда

120 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары коронавирус індетінің таралуына қарсы бірқатар мәселені бақылауға алды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары өңірлерде коронавируспен күрес жөніндегі кешенді жұмыстарға белсене араласуда. Олар қоғамдық бақылау топтарымен бірге дәріханаларға барып, дәрі-дәрмектердің, ме­дици­налық мақсаттағы бұ­йым­дардың бағала­рына мони­торинг жүргізуде. Соны­мен қатар еріктілердің жұ­­мысын ұйым­дастыруға жәр­дем­десіп, меди­циналық мекемелерге гу­ма­нитарлық көмектің жеткі­зілуі мен таратылуын, ха­лық­ты қажетті тауарлармен және азық-түлікпен қамтамасыз етуді бақылауға алды.

Сондай-ақ дәрігерлердің жұ­мыс жағдайлары мен ауруха­надағы емделушілердің ахуалына ерекше көңіл бөлінуде. Мәжіліс депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Серік Құ­сайынов Алматыдағы Орта­лық қалалық клиникалық ауруханаға барып, медицина қыз­меткерлерімен кездесті. Кез­десу барысында коронавирус­пен емделіп жатқандардың жағ­дайларын көріп, аурухананың дәріхана қоймасымен танысты.

Медициналық мекеме бір мез­гілде COVID-19 диагнозы қойыл­ған 320 науқасты қабылдай алады. Күн сайын ауысымға аурухананың 150 қыз­­меткері тү­седі. Меди­ци­налық мекеме бар­лық туын­даған мәселелерді жыл­дам шешуге тырысуда. «Біз жаңа модульдік аурухананы арнайы тексермедік. Өйткені ол жаңа аппараттар мен препараттармен қамтамасыз етілген. Ал бұл мекеме 70-ші жылдары салынған және бастапқыда осындай мақсаттарға арналма­ған. Дегенмен ол қайта жабдық­талды. Сонымен қатар коронавирустан емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қоры бір айға жетеді», деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Аурухана басшылығы емде­лушілерді қабылдау мүмкіндігін арттыру үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Жалпы, Мәжіліс депутат­та­­рының аймақтардағы жұ­мы­сы­ның басты бағыты дәріхана­лар­дағы медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сон­дай-ақ дәрі-дәрмектердің баға­сына мониторинг жүргізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі қызмет­керлерімен және белсенділермен бірге Мәжіліс депутаты Сне­жанна Имашева Нұр-Сұлтан қаласында, ал мәжілісмендер Глеб Щегельский мен Құралай Қаракен Ақтөбе қаласына барды. Мәжіліс депутаттары Ирина Аронова мен Айгүл Нұркина Қостанай мен Пав­лодардағы медициналық мекемелерге гума­нитарлық көмектің таралуын бақылауда ұстайтын болады. Депутаттар, ең алдымен, гума­нитарлық тауарлардың, әсі­ресе медициналық ұйымдарға жет­­кізілуіне баса назар аударуда.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары халықты әлеуметтік қол­­дауға ерекше мән беруде. Мә­­жіліс депутаты Ерлан Барлы­баев Алматы облысындағы Бай­серке ауылына барып, 12 әлеу­меттік жағдайы төмен отбасына көмек берді. Ауыл тұрғын­дарымен әңгімелесу барысында ол ешкімнің қолдаусыз қал­майтынын айтып, халықты сабырлы болуға шақырды.