• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Шілде, 2020

Ахуалдық орталық вируспен күрес тиімділігін арттырды

352 рет
көрсетілді

Жедел жәрдем базасындағы ахуалдық орталық індетпен күрес тиімділігін арттырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.  

Орталықтың арқасында науқастардың қабылдау бөлімшелерінде күту уақыты едәуір қысқарып, ресурстарды тиімді бөлу қамтамасыз етілді.

Елордалық жедел жәрдем станциясы базасындағы ахуалдық орталық COVID-19 пандемиясы кезеңінде медицина ұйымдарының арасында тиімді өзара іс-қимыл мақсатында құрылды. Оның негізгі міндеті – COVID-19 және пневмония бойынша түскен өтінімдердің мониторингі, науқастарды жедел жәрдем, БМСК және стационарлар арасында бөлуді қамтамасыз ету. Мониторинг орталығына әр сағат сайын келіп түскен мәліметтер негізінде басқарудың маңызды шешімдері қабылданады.

Ахуалдық орталықтың қызметі ресурстарды бөлу арқылы медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ науқастардың қабылдау бөлімшелерінде күту уақыты айтарлықтай қысқарғаны да аса маңызды. Атап айтқанда, науқастарды бағыттау орын, кадрлар және техникалық ресурстарды дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.

"Карантин енгізілгеннен бері біз қоңыраулар мен өтінімдердің 4 мыңнан 2 мыңға дейін төмендегенін байқадық. Біз енгізген механизмдер – чат-боттар, байланыс орталықтары жоғары тиімділік көрсетті. Жедел жәрдем қызметтеріне жүктеме айтарлықтай төмендеді. Қазір біз орташа жүктемемен жұмыс істеп жатырмыз", – дейді қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев.