• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Шілде, 2020

Өзбекстанда ата-аналар мектепке қабылдау процесін бағалай алады

200 рет
көрсетілді

Өзбекстанда ата-аналардың мектепке қабылдау процесін бағалау мүмкіндігі пайда болды. Бұл туралы Өзбекстанның Халыққа білім беру министрінің орынбасары Рустам Кәрімжанов өзінің Телеграм-арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Хабарланғандай, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына "мектепке түсу үдерісін бағалау" мүмкіндігін сапалы әрі ашық ұйымдастыру мақсатында  веб-сайт арқылы қолдана алады.

Веб-сайттағы арнайы нысанды толтырғаннан кейін ата-аналар мектеп әкімшілігінің қабылдау сапасын бағалап, пікір қалдыра алады.

Сонымен қатар, мектеп директорларына бұл процесс олардың қызметін объективті бағалау үшін тағы бір критерий ретінде қойылып отыр. Бұл жағдайда мектеп басшысына "қабылдау үдерісіне" аса жауапкершілікпен және мұқият қарау міндеттелді.